25 қаңтардан бастап пойыздарда интернет қосылады Ертеңнен бастап заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда интернет қосылатын болды. Бұл қызмет әзірге №3/4 «Астана-Алматы» пойызында қолжетімді.
«Пилоттық жоба шеңберінде енді жолаушыларға WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және видео көруге мүмкіндік береді. Алайда файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады», — деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Сондай-ақ билетті жылдам тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғысы, вагондағы жағдайды бақылау үшін бейнебақылау жүйесі сынды бірқатар заманауи технологияны сынақтан өткізу көзделіп отыр.