ЕЛШІЛІК ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ



Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі өкілдері елдегі шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясат барынша қатаңдатылғанын еске салып өтті.

«Шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз миграцияны азайтуға бағытталған шаралар АҚШ-қа заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр. Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылады.

АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр», — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *