ДЕПУТАТ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫН ҰЗАРТУДЫ ҰСЫНДЫ



Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев балабақшалардың жұмыс уақытын ұзартуды ұсынды, бұл жұмыс істейтін ата-аналар үшін ыңғайлы болмақ.

Мәжілісмен ата-аналар кешкі сағат 18:00-де жұмыстан шықса, балабақшалар 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болса, онда балалардың көп жағдайда қараусыз қалатынын айтты. Қазіргі таңда астаналық ата-аналар үшін күрмеулі болып отырған осы мәселені шешу үшін арнайы ұсынысын ортаға салды.

«Дұрысы, ата-анасы жұмыс істейтін балаларды кезекші топтарға біріктіріп, кешкі сағат 19:00-ге дейін қарайтын болса, дұрыс болмай ма? Мұндай тәжірибе Астана қаласындағы кейбір балабақшаларда бар. Кешкі уақыттағы кезекші топтарды елордадағы барлық балабақшада ұйымдастыру керек деп санаймыз. Мұндай қадам баласына алаңдаған ата-аналардың жұмысын жеңілдететін еді», — деді депутат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *