Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ ел аумағында тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал Ақмола облысында, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батысында қар жауып, боран соғуы мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіліп отыр. Бұдан бөлек, метеорологтардың мәліметінше, елімізде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Түнде батыста 10…15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 17…25 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 17…28 градусқа дейін, шығыста 18…35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.