“Ұлттық қор — халықтың қаражаты”: Президент банктерді сынға алды
Тоқаев банктер мемлекеттің қаржысын қайтармай, пайда тауып отырғанына көңілі толмайтынын жеткізді. 2008 жылдан бастап қаржы мекемелері Ұлттық қордан көмек алып келіп, қарызды қайтаруға міндеттелген. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен “Halyk Bank” 250 млрд теңге, “Jusan Bank” — 100 млрд теңге қайтарды.
Осындай қажырлы еңбектің арқасында көп ұзамай халықтың әл-ауқаты одан әрі жақсарып, төл теңгеміздің де құны жоғарылайды. Одан қалса Ұлттық қордың халық игілігіне берілу керектігін тілге тиек етіп, қаржы жүйесіндегі ақауларды шешетін органдарды анықтауды тапсырды.