Қытайда өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Владислав Киреев топ жарды. Ол биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Биатлоннан спринт сайысында төрт қазақстандық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті.
Мәре сызығын екінші болып кескен тағы бір спортшымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Үшінші орынды қытайлық Гу Цан иеленді.