1 наурыздан бастап пойыз билеттері 7%-ға қымбаттайды.
“Қазақстан темір жолы” 2025 жылғы 1 наурыздан бастап жол жүру ақысының 7%-ға көтерілетінін мәлімдеді.
“Жолаушылар тасымалы” компаниясының хабарлауынша, баға өзгерісі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып, әлеуметтік маңызы бар облысаралық және кейбір қала маңы бағыттарына қатысты болады. Тарифті индекстеу тасымалдаушының шығындарын өтеу үшін жоспарланған.