БЕРІК УАЛИ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ



Бұған дейін, ол президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Бұл лауазымға 2023 жылы 12 қыркүйекте тағайындалған еді.

Берік Уәли 1997 жылы Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Хабар» агенттігі» АҚ, «ТАН» телекомпаниясы, «НТК» телеарнасы, «31 арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде журналист, ақпараттық бағдарламалардың редакторы, «Нұр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *