Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты



2025 жылы қаңтар айында бала туғанда берілетін жәрдемақыны 33,7 мың адам алып, жалпы сома 6 миллиард теңгені құрады.

2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *