Мароккоға жол ашық: Қазақстандықтар үшін визасыз режим күшіне енді



Қазақстан мен Марокко азаматтарының визасыз сапар жасауына мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды. Бұл құжат екі ел тұрғындарының 180 күн ішінде 30 күнге дейін визасыз жүріп-тұруына рұқсат береді. Келісім Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы аясында сыртқы істер министрлері тарапынан бекітілді.

Келісімге сәйкес, халық жарамды ұлттық немесе жалпыазаматтық паспорттарының негізінде бір-бірінің аумағына визасыз кіріп-шыға алады. Алайда әр сапардың ұзақтығы 180 күн ішінде 30 күннен аспауы тиіс. Сондай-ақ азаматтардың паспорттары жарамдылық мерзімі аяқталуына кемінде үш ай қалғанға дейін күшінде болуы керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясатқа ерекше көңіл бөлуі Қазақстанның түрлі елдермен өзара тиімді байланыс орнатып, әлемдік аренадағы позициясын нығайтып келе жатқанын көрсетеді. Бұндай қуанышты жаңалыққа желі қолданушылары: “Тек фильмде көретін едік, енді өз көзімізбен кино болып саяхаттайтын болдық”, “Нығыса билет бағасы да шешілсінші өтініш. Ато Дубай мен Турцияға бара беріп, жалығып кеттік”, — деп пікір білдіруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *