КӨКШЕТАУЛЫҚТАР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГИННЕС РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНУДІ КӨЗДЕП ОТЫР



Көкшетаулықтар Наурыз мейрамына орай «Кимешек шеруін» ұйымдастырып, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Аталған шеруге 1000-нан астам әйел қатысады.

Әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығында Ұлыстың ұлы күні — 1000-нан астам әйел қатысатын «Кимешек шеруі» ұйымдастырылады. Шеруге қатысушылар Темірбеков көшесіндегі Салтанат сарайы ғимаратынан бастап, Әуезов, Абай көшелерімен Абылай хан алаңындағы негізгі сахнаға кіру аркасына дейін жүріп өтеді.

«Кимешек шеруі» Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енеді деп күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында Наурыз мейрамын мерекелеу үшін қала алаңдары мен көшелерде, киіз үйлер қойылады.

Аудандар мен ауылдық округтерде мерекелеу 21 наурызда ұйымдастырылады.

Ал қала тұрғындары мен қонақтары үшін 22 наурыз күні Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында түрлі іс-шаралар өтеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ қалада шағын жарыстар мен акциялар, түрлі спорттық жарыстар өткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *