Еуропада Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілуде. Фильм Франция мен Германия арасындағы мәдени және ақпараттық ынтымақтастық аясында құрылған «Arte France» телеарнасында ақпан айынан бастап көрсетілуде. Бұл жоба журналист Анна Луссуарнның жетекшілігімен жүзеге асырылды.
2023 жылы түсірілім тобы Қазақстанға арнайы сапар жасап, жазушының туған жері Абай ауданында және Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында зерттеу жүргізген. Фильмде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, қазақтың кең даласы, ұлттық дәстүрлері мен музыкасы ерекше орын алған.