Бұл отбасы күн сайын 14 бөлке нан, 5 литр сүт, бірнеше келі ет жейді. Бір айға шамамен 10 қап картоп, 3 қап қант, 20 литрден аса май кетеді.
Бұл отбасында қыздар әкелеріне жақын. Олар үшін әкелері – психолог, әрқашан кеңес береді. Отбасының қалыптасқан өз дәстүрі бар; дастарханға алдымен қыздар, содан кейін ғана ұлдар отырады. Және де отбасында 8 наурыз мерекесі ерекше тойланады. Қыздарға арнап үйдің жігіттері ерекше ас әзірлейді.
Көпбалалы отбасы Қостанай облысы Лисаков қаласында тұрады. Рустам Шукуров пен Муаззама Мансурованың 55 баласы бар. Рустам мен Муаззаманың биологиялық 2 ұл, 1 қызы бар. 2017 жылдан бастап балалар үйінен бала асырап ала бастайды.
«Балалар ертеңгі күніне сенімді болуы қажет. Олар артында қорғаны бар екенін білуі тиіс. Біз ата-ана ретінде бірінші кезекте сенім ұялата білуіміз керек. Бұл-біздің басты міндетіміз», — дейді Рустам мырза.
Отбасындағы 3 қыз тұрмысқа шығып, бір ұлы үйленген. Ерлі-зайыпты енді немерелі болуды армандайды.
