АҚМАРАЛ НАУАТБЕК ПАРИЖДЕГІ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ



Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды.

«Ақмаралды Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандасымыз финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда жарыс қожайынын сан соқтырды. Пара дзюдодан Қазақстан тарихында әйелдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атағын жеңіп алған Ақмарал енді міне, ел тарихында дәл осы спорт түрінен Паралимпиадада топ жарған алғашқы спортшы атанып отыр. Ол былтырғы пара Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа таққан еді. Отандасымыздың бұл жеңісі елімізде пара спортпен айналысатын жандарға үлгі-өнеге болды деп ойлаймын. Ел мерейін өсірген жеңістері үшін алғыс айтамын. Ақмаралға зор денсаулық, бақыт және спортта жаңа жетістіктер тілеймін!» — деді министр.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек финалда Франция өкілі Сандрина Мартиниден басым түсіп, алтын жүлде иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *