Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының мәдени күндері өтті. Екі күнге созылған мәдени шара «Керуен сарай» алаңында өткен мерекелік гала-концертпен қорытындыланды.
Аудан өнерпаздары алаңды думанды ән-биге бөлеп, қала тұрғындары мен қонақтарына көңілді кеш сыйлады.
Шараның алғашқы күнінде Этноауылда аудан мәдениеті көне салт-дәстүрлер дәріптелсе, екінші күнінде ұлттық спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізілді.